Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексере алады

Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексере алады
Фото: Tengrinews.kz

Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағынын мобильді қосымша арқылы тексере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп АІЖО ААЖ (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) мобильді қосымшасын әзірледі.

Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:

  • Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
  • Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
  • Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
  • Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
  • QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу. Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан