Вьетнаммен визасыз режим болады - СІМ

Вьетнаммен визасыз режим болады - СІМ
Фото: Massaget.kz

Алдағы уақытта Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим болады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жақында Вьетнаммен визасыз режим күшіне енеді.

"2023 жылы Қытай және Вьетнаммен виза талабынан босату туралы келісімге қол қойылды. Өздеріңіз білесіздер, Қытаймен визасыз режим күшіне енді. Алдағы уақытта қос тарап мемлекетішілік процедураны аяқтаған соң, Вьетнаммен визасыз режим күшіне енеді", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы