Флеболог ұшақта неліктен терезенің жанына отыруға болмайтынын түсіндірді

Флеболог ұшақта неліктен терезенің жанына отыруға болмайтынын түсіндірді
Фото: Pexels / Oleksandr P

Кейбір адамдарда ұшақтан түскен кезде аяғы ісіп кетеді. Флеболог Антон Офицеров әуемен ұшқаннан кейін ісіну немесе басқа да аурулардың алдын алу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Аяқ неліктен іседі?

Қоршаған ортаның өзгеруі. Ұшақ ұшқан кезде қысым, оттегінің концентрациясы, ауаның ылғалдылығы өзгереді. Ал бұл өзгерістер тамырлы және лимфа арнасының кеңеюіне әкеп соқтырады.

Қозғалыстың жоқтығы. Адам бір қалыпта бірнеше сағат отырған кезде қан ағынын жүрекке итеретін қозғаушы күштің маңызды компонентінің бірі бұлшықет-веноздық сорғысы өршиді. Статистикаға сүйенсек, ұшақта терезенің жанында отыратын адамдар ісінуден жиі зардап шегеді. Өйткені, олар жанындағы адамдарға кедергі келтіргісі келмей, бір орында ұзақ уақыт бойы отыра береді. Ал 4 сағаттан артық қозғалыссыз отыру қауіпті фактор саналады.

Сусыздандыру. Ұшақтың ішіндегі құрғақ ауа және сұйықтықты жеткіліксіз ішу ағзада су тапшылығын тудыруы мүмкін, бұл қан, лимфа және барлық тіндік сұйықтықтың тоқырауына әкеліп, бірінші кезекте аяққа әсер етеді.

Әуеде ұшқаннан кейін ісінудің қалай алдын алуға болады?

Қозғалыс. Дене қалпын үнемі өзгертіп отырыңыз, аяқ жаттығуларын жасаңыз.

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Ұшаққа отырар алдында және ұшақта жеткілікті мөлшерде су ішіңіз, ал алкоголь мен кофеинді сусындардан аулақ болыңыз.

Ыңғайлы киім. Ұшаққа жеңіл және ыңғайлы сырт\іш киім киіңіз.

Ұшуға дейін флебологқа барыңыз.

ЕСКЕРТУ! Жоғарыда аталған кеңес сау адамдарға қатысты, егер бұған дейін ұшаққа отырған кезде ыңғайсыздық сезінген болсаңыз, флебологқа барғаныңыз абзал.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар "Әуе сапарынан кейін ыстық душ қабылдауға бола ма?" деген сұраққа жауап берген болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Тәтті неге тісті құртады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә