Қобалжыған кезде неліктен іш ауырады? Дәрігер түсіндірді

Америкалық психиатр және нейробиолог Араш Джаванбахт күйзеліс симпатикалық жүйке жүйесінің белсендірілуіне, ішек жұмысының баяулауына және қан ағымының төмендеуіне байланысты іште ауырсыну тудыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "The Conversation-ке" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, симпатикалық жүйке жүйесіндегі нейронның ең көп саны жүрек, өкпе және ішекте шоғырланған.

Бұл нейрондар әртүрлі гормондардың, соның ішінде қан қысымын жоғарылататын, жүрек соғысын жылдамдататын, реакция жылдамдығын және энергия шығынын арттыратын адреналиннің өндірісін ынталандырады.

Стресс немесе қобалжығанда адам жүрек соғысы жымдамдығының артқанын сезуі мүмкін, бұл кезде қан асқазан-ішек жолдарынан уақытша ағып кетіп, ми мен жүрекке оттегінің қолайлы мөлшерін жеткізу үшін ас қорытуды баяулатады. Осыған байланысты іште ыңғайсыздық пайда болып, ауырады. 

Айта кетейік, бұған дейін қобалжуды жеңу әдістері хабарланған болатын.

Өзіңізді еркін ұстаңыз. Сабырлылықтың басты құпиясының бірі өзіңізбен үнемі жұмыс істеу. Егер қобалжу әрдайым сіздің серіктесіңізге айналса, онымен ішкі тыныштандырудың кез келген техникасын қолдану арқылы күресу керек. Оған йога, медитация және ой жаттығулары жатады. 

Терең  тыныс алыңыз. Алақан терлеуі, жиі жүрек соғысы, бас айналу секілді қобалжу белгілері - күйзеліс гормонының және адреналиннің шығуына байланысты ағзаның табиғи физиологиялық жауап беруі. Бұл жағдайда олардан тыныс алу жаттығулары арқылы жылдам құтылуға болады. 

Өз күшіңізге сену. Өз күшіңізге және қабілетіңізге сену барлық қобалжуды жеңіп шығатынын есіңізде сақтаңыз. Өзіңізге деген сенімді арттыру үшін осы уақытқа дейін жеңіп шыққан дәрежелер тізімін жасаңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ахмет Байтұрсынұлы айтысқа қандай сипаттама берген?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!