"ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы көңілі орнына түскенін айтты

"ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы көңілі орнына түскенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақтың баласы, 21 жастағы Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Біз ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз. Көңілім біраз орнына түскендей болды", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да  айтқан еді.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Анамды табу үшін бәрін жасаймын" - шетелдіктер асырап алған қазақтың баласы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова