"Боқтап жібергені де болды". "Диета KZ" тобының бұрынғы әншісі өнер әлеміне алғаш келген кезі туралы айтты

"Диета KZ" тобының бұрынғы әншісі Нұрбақыт Қарағай "Менің өмірім" бағдарламасында өнер әлеміне алғаш қадам басқан кезі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, көмек сұрағанда, балағат сөз айтқандары да болған.

"Алматыға арман қуып келдік. Аппаратымызды арқалап тойларда музыкант болып жүргенмін. Жұлдыз болғым келді, ағаларыма еліктедім. Көтеріле салу оңай емес. Бір-екі ағаларыма барып көмек сұрадым. Өзімнің жерлес ағаларым. Олар боқтап жібергені де болды. Екіншісі "айналайын, бауырым, мына түріңмен шыға алмайсың. Бес ән жазайық. Әр әнге екі мың доллар демей-ақ қояйын. Бес жүз доллар алып кел" деді. Көңіл күйім түсті. Өте жабырқау болдым. Студияға бауырларыма кіріп едім. Олар ашуланды. Бірінен бірі естіп жүрді. "Шамшырақ" дуэтінде Асылбек деген бауырым бар. Бір күні соның құлағына шалынды. "Мен сені осы денеңмен шығарамын" деп қайта-қайта айтып жүрді" , - деп еске алды өнер иесі. 

Әнші кейін Лұқпан Жолдасов шақырғанын, осылайша "Диета KZ" тобына мүше болғанын жеткізді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз