Ақтауда жылу желілеріндегі апат салдарынан жылу мен ыстық су өшірілді

Ақтау әкімдігі қаланың бірқатар шағынауданында жылу желісіндегі ақауға байланысты жылу мен ыстық суға уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақтауда 16 шағын аудандағы жылу желісінде орын алған ақауға байланысты 16, 17, 18, 19, 20, 20А ш/а кейбір үйлерге жылу мен ыстық суға уақытша шектеу қойылды", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жылу желісіндегі ақау шыққан жерде "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған жұмыстарды Ақтау әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.

"Ақтау тұрғындары бізде 16 шағынаудандағы жылу желісінде ақау табылды. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А шағын аудандардағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге жұмыстанып жатыр", - деді қала әкімі.

Жылу мен ыстық судан уақытша шектелген шағын аудандардағы үйлер:

  • 16 шағынаудан 31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94-үй.
  • 17 шағынаудан 3,4,5,23,24,24/1,25,25а,б., 26,27,28,29,30,43,44,45,46,51,54,55,82,83,84,85,86,90,91,92,93,94,95,96,101,102,103,104,105,107,110,112,113,115/1,217,217/1-үй, "Оқушылар сарайы", колледж, бизнес орталықтары;
  • 18 шағынаудан 3,18,19,20,21,28ү, "Шахар Плаза", "Империя Тауэрс" ТҮК.
  • 18а шағынауданы толығымен;
  • 19 шағынаудан 5,13,15-үй;
  • 20 шағын ауданның 5,7,17-үй;
  • 20а шағынаудан 21-үй.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!