Жұмыртқа да бар. Дәрігер мидың жұмысын жақсартатын тағамдарды атады

Жұмыртқа да бар. Дәрігер мидың жұмысын жақсартатын тағамдарды атады
Фото: pixabay

Диета мидың жұмысына әсер етеді. Сондай-ақ оны қоректік заттармен қамтамасыз етеп оған көмектеседі. Невропатолог Роберт Мелилло мидың денсаулығы үшін көкжидек пен брокколи жеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Мелилло ми ағзаға түсетін калориялардың шамамен 20 пайызын тұтынатынын айтты. Бұл адам ағзасындағы кез келген басқа мүшеге қарағанда көбірек. Сондықтан тамақтану психикалық белсенділіктің сапасына тікелей әсер етеді. Дәрігердің айтуынша көкжидек немесе алма сияқты құрамында флавоноидтар бар тағамдар мидың жастығын сақтайды және деменция қаупін азайтады

Сондай-ақ, Мелилло қабынуға қарсы әсері бар тағамдарды ақыл-ойға пайдалы деп атады. Оларға жасыл, зімбір, брокколи және куркума кірді.

Ал Нейробиолог Бредесен миға майлы балық пен авокадо да пайдалы екенін атап өтті. Өйткені олардың құрамында қан тамырлары денсаулығы мен есте сақтау қабілетіне қажетті майлар бар. Сонымен қатар, ол жұмыртқаны жиі жеуге кеңес берді. Нейробиолог олардың құрамында жүйке жүйесі үшін маңызды ацетилхолин нейротрансмиттер бар екенін түсіндірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов