Психиатр жаңажылдық шампанның зияны туралы айтты

Жаңажылдық кештерде шампан ашып, көбігін аспанға атып қарсы алу көршілес мемлекеттен келген дәстүр. Үлкендердің ішкені өз алдына, балаларға арналған түрлері де дүкендерде қаптап тұр. Бұл бір қарағанда балалардың көңілін көтеру болғанымен, ащы суға әуестігін қалыптастыруы да ықтимал. Себебі психиатр-дәрігер Руслан Исаев жарқыраған шарапта басқа сусындар сияқты алкоголизмге әкелуі мүмкін екенін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

"Шампан адамдарға өзіндік бір мәртебені, статусты беретін секілді көрінеді. Адамдар оны ішкісі келмесе де ұрттап көруге құмар. Мұнда психологиялық стереотиптер  рөл атқарады. Сусынның химиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, тәуелділік шампандағы газ көпіршіктеріне байланысты емес. Мәселенің бәрі шампанның құрамында кездесетін этанолдың жиынтық мөлшерінде. Себебі бұл сусын белгілі бір уақыт ішінде алкогольдің жинақталған концентрациясы болады", - деп ескертті Руслан Исаев.

Дәрігердің айтуынша, шампанға деген құштарлық уақыт өте келе алкогольге тәуелділікке айналуы мүмкін. Ол тәуелділіктің алғашқы кезеңдерінде кеңес алу үшін мамандарға жүгінуге кеңес берді. 

Жаңа жылдық мерекелерде ерекше қырағылық таныту керек. Себебі көпкүндік мерекелер кезінде адамдар жиі бақылауды жоғалтады. Себебі шампан ішкен адам мереке аяқталғаннан кейін жұмысқа бару керектігіне қарамастан ашшы судың артынан қуып кетуі мүмкін. 

Ал нарколог Татьяна Клименко ағзаның қорғаныс жүйелері оған алкогольдік интоксикацияның салдарымен біраз уақыт күресуге мүмкіндік беретінін айтқан. Бірақ ерте ме, кеш пе олар инфаркт, инсульт немесе ұйқы безі проблемалары түрінде әсер етеді. Соңғы зерттеулерге сәйкес, алкоголь сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!