Ауаның ластану деңгейі жоғары болатын қалалар аталды

Ауаның ластану деңгейі жоғары болатын қалалар аталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

24 желтоқсанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 24 желтоқсанда Алматы, Астана, Риддер, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан