Германияда миллиондаған тұрғын кедейліктің зардабын тартып отыр

Германияда миллиондаған тұрғын кедейліктің зардабын тартып отыр
Фото: видеодан алынған кадр

Германияда миллиондаған тұрғын кедейліктің зардабын тартып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Баспана тапшылығы, жалға алу бағасының өсуі мен күнкөрістің қымбаттауы немістердің тұрмысын төмендеткен. Соның салдарынан қайырымдылық ұйымдарына алақан жайғандардың қатары артып отыр. Ұйым қызметкерлерінің сөзінше, осыдан 30 жыл бұрын кедейшіліктің кебін киген балалардың саны 1,2 миллион болған. Қазір бұл көрсеткіш 3 есе өскен. Олардың білім деңгейі де төмен.

Бұдан бөлек үйсіздердің күйі алаңдатарлық. Басында баспанасы жоқтардың шамамен 57 пайызы пәтер жалға алу құны қымбаттаған соң көше кезуге мәжбүр. Еріктілердің сөзінше, бұлай жалғаса берсе елді кедейшілік жайлайтын түрі бар. Сол себепті еріктілер үкімет бұған қарсы шара қолдануы керек екенін айтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова