Жаңа жыл қарсаңында Алматыда қандай шаралар өтеді?

Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық ауданында жаңа жылдық фестиваль аясында ауқымды шоу-бағдарлама дайындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21-31 желтоқсан аралығында танымал әртістер, live-бэнды және DJ күн сайын сахналарда өнер көрсетеді.

Ең кішкентай қонақтар үшін түрлі бағдарлама қарастырылған: "Шыршаны әсемде", "Крестики- нолики", "Қар бекінісі", "Серсо" ойындары, шеберлік сыныптары және аниматорлармен интерактивтер. Фестиваль бағдарламасына жаңа жылдық қойылымдар, сыйлықтар ұтыс ойындары, байқаулар, халық караоке, қалалық мейрамханалар мен кафелердің гастро-жәрмеңкесі кіреді.

Ал Абай алаңында күн сайын сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін Nazima, Мирас Жугунусов, MDee, Abdr, Ayau, Dequine Yenlik, DJSlimKZ, Grow kids театры, Galam live-топтары және Ava band, т.б. әртістер өнер көрсетеді. Одан бөлек Еркеш Хасен, Әли Оқапов, Ayree, D-band, Mercury band, Ademi, Elizat, Canto IL квартеті және КешYou тобы ән шырқайды.

27-31 желтоқсан аралығында қала аудандарының әрқайсында жаңажылдық фестиваль аясында концерттер ұйымдастырылады: Алатау ауданы "Алматы Арена" мұз айдынының алдындағы алаң, Әуезов ауданы Н. Сац атындағы театр алдындағы алаң, Бостандық ауданы "Атакент" ҚК, Жетісу ауданы Арбат, "Айнабұлақ-2", Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы Шұғыла шағын ауданы, 347. Көрсетілген алаңдарда күн сайын сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Әлішер Қонысбаев, Райым Уайс, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Altair & Abbi, Нұрмұхаммед Жақып, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ақбота-Нұр, Жандос Қаржаубай, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Алтынбек Тәшімбетов және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль бағдарламасында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен сиқыршылар мен аниматорлардың қойылымдары бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!