Өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Massaget/Болат Айтмолда

Өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидромет деректеріне сілтеме жасап.

24-25 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

24 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Көкшетау қаласында да 24 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

24 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігінде тұман, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында да 24 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

24 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында да 24 желтоқсанда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі.

24 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

24 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау қаласында 24 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Петропавл қ.: 24 желтоқсанда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

24 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

24 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с жетеді.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да 24 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

24 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанай қаласында 24 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

24 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 24 желтоқсанда таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында 24 желтоқсанда таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 24-26 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 24-26 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді, 25-26 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с болады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова