Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан деструктив дін өкілі ұсталды

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан деструктив дін өкілі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Ақтөбеде Полиция департаменті деструктив діни ағым өкілін ұстады. Ер адам жергілікті тұрғыннан қомақты ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

"Тұрғылықты жерін тінту кезінде одан тапанша, жәбірленушіден қорқытып, күштеп алған ақшасы тәркіленді", - деді полиция.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша соталды тергеу жүзеге асырылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз