Тоқаев жаңа екі заңға қол қойды

Тоқаев жаңа екі заңға қол қойды
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа екі заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды" , - делінген құжатта.

Мемлекет басшысы сонымен бірге "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан