Қазақстанның әр өңірінде жаңа жылдық тірі шырша қаншадан сатылып жатыр?

Қазақстанның әр өңірінде жаңа жылдық тірі шырша қаншадан сатылып жатыр?
Фото: Pexels/Tom Swinnen

Жаңа жыл қарсаңында мерекенің басты белгісі шыршаның саудасы қызады. Сатушылар биылғы жылы мерекелік ағаштардың бағасы өскенін айтады. Бұл бензиннің де қымбаттауына байланысты болып отыр екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Биыл Орарда сатушылар шырша саудасы, дәлірек айтсақ, қарағай саудасы көңіл қуантпайтынын айтады. Таңдау көп. Қалада қылқан жапырақты ағаштарды сататын ондаған орын бар, оларды әкімдік анықтапты. Орал қаласында ағаштардың бағасы 6 мың теңгеден басталады.

"Шыршаларды қазірдің өзінде сатып алып жатыр, өйткені Жаңа жыл жақындады. Қатты қымбат емес, алты мыңнан. Келісуге болады", - дейді сатушы Марина Сиговатова.

Петропавлда жаңа жылдық ағаштар көп жерде сатылады. Супермаркеттердің автотұрақтары, тіпті қиылыстардың маңындағы бос жерлер де жаңа жылдық базарға айналды. Тіпті полицейлер рұқсат етілмеген жерлерге орналасқан 15 саудагерді жазалаған. Тауарлардың көптігі сұранысқа кедергі келтірмейді. Қарағайлардың бағасы 5 мың теңгеден басталады. Үш метрлік ағаш 10 мың теңге тұрады. Жылы пәтерлерде тез бұзылатын шыршалар аз сатылады екен. Бірақ бұл өнім де көп. Бағасы 7-ден 9 мыңға дейін жетеді. Сатушылар биылғы жылы бағасын бірден 1,5 есе көтеруге тура келгенін айтады. Мұның себебі - қымбат отын.

"Иә, баға өсіп жатыр. Бензин қымбаттады. Егер бензин қымбаттаса, жеткізу қымбаттайды", - дейді сатушы Дмитрий Штребель.

Ең арзан шыршаны Ақтөбеден сатып алуға болады. Мұнда 4 мың теңгеден басталады. Қалаға тірі ағаштар енді ғана әкеліне бастады. Көбіне Башқұртстаннан келеді. Саудагерлердің айтуынша, оларға сұраныс қашан да көп. Ең алдымен халық қылқан жапырақтың хош иісін сезінгісі келеді. Жасанды ағаштарға қарағанда бағалар салыстырмалы түрде қолайлы. 4-тен 8 мың теңгеге дейін жетеді.

Бірақ Семейде мерекеге арналған тірі ағаштар көп сатылмайды. Олар негізінен импортталады. Бұл аймақта қарағай мен шыршаны қорғау өзекті саналады. Орманшылар Қарағайлы орманды қатты қорғайды. Биыл ол өрттен қатты зардап шекті. Абай облысында 60 мың гектар реликті орман өртенді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова