Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның барлық облысына ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Ақтөбе облысында көктайғақ, ал Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында – тұман және көктайғақ болады.

Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!