Алматыда автобус адамдарды қағып кетті

Желіде Алматыда болған жол апатынан суреттер мен видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл суреттер мен видеолар kris_p_almaty_official Telegram-арнасында тарады. Онда Алматыда Райымбек даңғылы бойында автобус жолаушыларды қағып кеткені, салдарынан бірнеше адам қаза тапқаны жазылған. 

Massaget.kz тілшісі бұл ақпаратқа қатысты Алматы Полиция департаменті мен қалалық Денсаулық сақтау бөліміне сауал жолдады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз