Қызылордада жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткен табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткен табылды
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

"Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы