Қазақстанның екі өңірінде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

22 желтоқсан сағат 17:00-дегі жағдай бойынша екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік қозғалысына Жамбыл және Жетісу облыстары бойынша шектеу енгізілген. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. 

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 715 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!