Берік Уәли The Wall Street Journal-да шыққан Қазақстан туралы ақпаратқа пікір білдірді

Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының "Қазақстанға қоңырау шалу" туралы ақпаратына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

The Wall Street Journal бұған дейін "Путиннің оң қолы Пригожинді қалай құртты?" атты мақаланы жариялаған еді.

Онда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "Вагнер" ЖӘК көтерілісі кезінде "Евгений Пригожинді ("Вагнер" ЖӘК басшысы) шегінуге көндіру үшін көптеген қоңырау шалғаны туралы" айтылады. Басылым мәліметінше, Патрушев Қазақстан мен Беларуське де қоңырау шалған. Ал Астанамен жоспар армия "Вагнерді" тоқтата алмаған жағдайда сақтандыру болғанын айтады.

"Бірақ Тоқаев бас тартқан. Лукашенко көмектесуге келіскен", - делінген мақалада.

Берік Уәли мақаладағы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!