Құрма асқазан жұмысы үшін қаншалық қауіпті? Гастроэнтеролог жауап берді

Құрма асқазан жұмысы үшін қаншалық қауіпті? Гастроэнтеролог жауап берді
Фото: Tengrinews.kz

"СМ-Клиника" гастроэнтеролог-дәрігері Евгения Мельникова құрма мен басқа да құрамында танині көп жеміс-жидек жеу неліктен қауіпті екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Фитобезоар бұл құрамында танин тұтқырлығы жоғары жеміс-жидекті көп жеген кезде асқазанда пайда болатын талшықты тастарға ұқсас бөгде заттар.

Құрма танині көп жемістің бірі, ал құрамындағы талшық сіңірілмейді, асқазанда қалып, тығыз "шар" түзеді.

"Сондай-ақ, фитобезоар көбінесе қара өрік, інжір, алмұрт, жүзім, құрма жемістерінен түзіледі", - дейді маман.

Сонымен қатар, фитобезоарлардың пайда болуына асқазанның моторлы-эвакуациялық функциясының төмендеуіне, шырыштың тұтқырлығының жоғарылауына және қорытылуы қиын өнімдердің жиналуына ықпал ететін бірқатар фактор әсер етеді:

  • Асқазан аурулары: тұз қышқылының секрециясы төмендеген атрофиялық гастрит, гастропарез;
  • Асқазанға ота жасау (ваготомия, резекция);
  • Асқазандағы саңырауқұлақ флорасы.

Фитобезоаралар эпигастрий аймағында тұрақты ауырсынуды тудыруы мүмкін, ол тамақтанғаннан кейін күшейеді, тамаққа тез тойып, жүрек айну сезімі пайда болады.

Фитобезоарлардың пайда болғанына диагноз қою үшін эндоскопиялық зерттеу - гастроскопиядан өту керек, ол ұсақ тастардың пішінін, көлемін, санын, құрылымын анықтауға көмектеседі.

Ауруды асқындырып алған жағдайда, салдары ауыр болуы мүмкін, мысалы, асқазан қабырғаларында жара пайда болып, одан қан кетеді, перитонит, қатерлі ісік және ішек жолдары бітеледі. 

Айта кетейік, бұған дейін балаға құрманы неше жастан бастап беруге болатыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ноғай Ордасының мемлекеттiк құрылымы қандай болды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә