Түркістан облысында бір жасар бала септикке түсіп кеткен

Түркістан облысында бір жасар бала септикке түсіп кеткен
Фото: Отырар

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бір жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Баланың үйде жоғын анасы байқап қалған. Бір жасар баланы ата-анасы 10 жастағы ағасының көмегімен алып шшықан. 

10 жастағы баланың беліне арқан байлап, септикке түсіріп, артынша екі баланы алып шыққан. 

4-сынып оқушысын облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілер алғыс хатпен марапаттаған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина