Күн сайын жұмыртқа жеу денсаулыққа қауіпті ме?

Жұмыртқа - дұрыс және теңдестірілген тамақтану түріне сай келетін тағам. Жұмыртқаның құрамында ақуыздан басқа D, A, B2, B12 дәрумендері, фолий қышқылы және йод бар. Жұмыртқаның өнімділігіне қарап, оны күн сайын жеуге бола ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Энергия толқыны. Орташа есеппен бір жұмыртқада 6 грамм қанықтыратын ақуыз бар, сондықтан жұмыртқа жеген адам күні бойы немесе ауыр жаттығу жасаған кезде қатты шаршамайды. 

Иммундық жүйені нығайтады. Жұмыртқа ағзаны әртүрлі қоректік заттармен қанықтыратындықтан, иммундық жүйенің әртүрлі аурумен күресуге күші жеткілікті болады.

Сонымен қатар, жұмыртқа қабынуға қарсы әсері бар күшті антиоксидант - селенге бай. 

Когнитивті денсаулықты жақсартады. Жұмыртқадағы кейбір қоректік заттар сіздің миыңыздың сау күйін сақтауда маңызды рөл атқарады. Мысалы, холин мен омега-3 - мидың құрылымы мен жұмысына қажет.

Жұмыртқада В12 дәріменінің күнделікті ұсынылатын мөлшерінің 46 пайызы бар. Мамандардың айтуынша, В12 жетіспеушілігі есте сақтау қабілетінің нашарлауына, мания, деменция, тіпті психозға әкеп соқтыруы мүмкін.

Тері мен шаштың күйі жақсарады. Жұмыртқа шаштың өсуіне ықпал ететін В дәруменінің негізгі көзі. 

Оған қоса, жұмыртқа актионсидантқа бай, ал антиоксиданттар теріні қартайтатын жасушаларға зақым келтіретін бос радикалдармен күреседі.

Оңай салмақ тастайсыз. Әрине, күн сайын жұмыртқа қуырып жеу арқылы бірнеше келі тастайсыз деп айту қиын. Бірақ, жұмыртқа ақуыз бен майға бай. Олар ұзақ уақыт бойы сақталатын қанықтылық сезімін тудырып, калорияның күнделікті мөлшерін бақылауға мүмкіндік береді. 

Жұмыртқаның пайдасы қанша жерден көп дегенімізбен, оны май және тұз қоспай дайындаған абзал. Мысалы, тұз қоспай қайнатып немесе қуырғанда май қоспай, ал сүт қосып әзірлегіңіз келсе, кілегей емес майлылығы аз сүт қосқан жөн. 

Алайда жұмыртқаның да өз зияны бар. Қандай?

Мамандар жұмыртқа ағзадағы "жаман" холестериннің деңгейін жоғарылататынын мәлімдеді. 

Осыған байланысты қант диабетімен және жүрегі ауыратын адамдар жұмыртқаны аптасына 6 данаға дейін немесе одан аз жеуі керек. 

Айта кетейік, бұған дейін дені сау адамға күніне қанша жұмыртқа жеген дұрыс екені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Көз тиген баланы қалай ұшықтайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!