Алматы облысында Камаз аударылып, көліктің ішінде жүргізуші қалып қойған

Алматы облысында Камаз аударылып, ішінде жүргізуші қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы облысының Қарасай ауданы Долан ауылындағы жол апатынан кейін Камаз жүргізушісі көлік құрсауында қалды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен, 26 жастағы ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!