Алматы облысында Камаз аударылып, көліктің ішінде жүргізуші қалып қойған
![Алматы облысында Камаз аударылып, көліктің ішінде жүргізуші қалып қойған](/userdata/news/news_97440/image_l.png)
Фото:
ТЖМ
Алматы облысында Камаз аударылып, ішінде жүргізуші қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысының Қарасай ауданы Долан ауылындағы жол апатынан кейін Камаз жүргізушісі көлік құрсауында қалды.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен, 26 жастағы ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина