"Бір жылға жуықтап қалды". Танымал композитор Мейрамбек Бесбаевтың ұсынысына ойланып жүргенін айтты

"Бір жылға жуықтап қалды". Танымал композитор Мейрамбек Бесбаевтың ұсынысына ойланып жүргенін айтты
Фото: Фотоколлаж

Композитор әрі әнші Auka әншілерден жиі ұсыныс түсетіні туралы "1001 түн" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Композитор Мейрамбек Беспаевтың ән сұрап жүргенін атап өтті.

"Әнді бірден "жазып берші" дегенде жаны шықпай қалады.  Бір күні сәті түседі. Мейрамбек Беспаевтың ән сұрағанына 1 жылға жуықтап қалды. Әлі ойланып жүрмін. Жақсы ән шығатын сияқты", - деді ол. 

Оның айтуынша, композитор 2024 жылы жеке концертін өткізеді.

"100-ден аса әнім бар. Биыл концертім уәде етіліп, жоспарланып кейінге шегердік. Себебі уақыт тығыз боп қалды. 2024 жылы өте жақсы өтеді деп ойлаймыз. Себебі Қазақстанда ондай концерт әлі болмаған", -деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы