"Ерке Есмахан себепкер болды". Танымал режиссер жарымен қалай танысқанын айтты

"Ерке Есмахан себепкер болды". Танымал режиссер жарымен қалай танысқанын айтты
Фото: Желіден

Танымал режиссер Тимур Болатов жары стилист Ақбөпе Әбдірашпен қалай танысқанын "Elle Kazakhstan" youtube-арнасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тимур Болатов Ерке Есмаханның бес бейнебаянын түсірген режиссер. Ал жарымен "Қайда" бейнебаянының түсірілімінде танысқан.

"Біріінші кездесуге Ақбөпе шақырды. Екеуміз киноға бардық. Оған дейін сырттай жобалардан бір-бірімізді көретінбіз. Сөйтіп, Ерке Есмахан арқылы таныстық", - деді ол.

Ақбөпе Тимурды бір көргеннен ұнатқан.

"Тимурды Ерке Есмаханның "Қайда" бейнебаянында көрдім. Мен ұйықтап жұмыс істейтін адаммын. Сол жерде киім үтіктеп тұрғанда Тимур менен "жағдайың қалай?" деп сұрады. Сол кезде ұнату сезімі пайда болды. Кейін жобаларымды аяқтаған соң бірінші болып Тимурды киноға шақырдым. Алғашқыда стилі ұнамады. Үшінші кездесуден соң стилін өзгерттім", - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы