"Екі ай кездестік". 74 жастағы қария мен 72 жастағы әже шаңырақ көтерді

"Екі ай кездестік". 74 жастағы қария мен 72 жастағы әже шаңырақ көтерді
Фото: otyrar.kz

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әже шаңырақ көтерді. Олар заңды некесін де қиып үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

"Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар",- дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы