"Өте ерте кетті". Актриса Меруерт Өтекешова жары Құман Тастанбековті сағынышпен еске алды

"Өте ерте кетті". Актриса Меруерт Өтекешова жары Құман Тастанбековті сағынышпен еске алды
Фото: Желіден

Белгілі актриса Меруерт Өтекешова жары Құман Тастанбековті еске алып, "Жанымның жағалуы" бағдарламасында естелігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса әлі күнге дейін жарын сағынатынын айтты.

"Әлі күнге дейін ағаларыңды минут сайын сағынамын. Іздеймін. Балаларым мен туысқандарым жанымда болса да, олар ағаңа жетпейді. Бәрі жан-жақтан менің көңілімді табуға тырысады. Бірақ бәрібір жүрек Құманды іздеп тұрады. Өзіме ең жақын адамдарым бұл дүниеде жоқ. Анам 92 жасқа жетіп дүние салса да анамды жоқтаймын. Ата-енем, әке-шешем, бауыр етім балам, туған сіңлім кетті. Бәрін сағынамын. Олардың арасынан Құманның орны бөлек еді. Мені жарынан айырылған әйел заты ғана түсінеді. Өте ерте кетіп қалды. Айтылмаған әңгіме, ашылмаған сыр қалды арамызда", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы