"Ұсталып қалдым". Танымал блогер Алишер Қонысбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

"Ұсталып қалдым". Танымал блогер Алишер Қонысбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Желіден

Танымал блогер Анель Кенжебекова "NNN Show" youtube-арнасында өзі туралы шынайы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер мектеп кезіндегі емтиханда ұсталып қалғанын айтты.

"ҰБТ-да екі телефонмен ұсталғаным рас. Бірден бере салдым. Ал дипломдық жұмысты сатып алдым",- деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, блогер Алишер Қонысбаевпен арасындағы қарым-қатынасқа да жауап берді.

"Айырылысып кеткеннен соң кездестік. Жігіт үшін жыладым", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы