"Соңғы айлықты 1992 жылы күзде алдым". "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнімен танылған өнер иесі жұмыссыз жүргенін айтты

"Соңғы айлықты 1992 жылы күзде алдым". "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнімен танылған өнер иесі жұмыссыз жүргенін айтты
Фото: Фотоскрин

Әнші, ҚР Өнер қайраткері Сәкен Қалымов "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әнші қазіргі таңда жұмыссыз.

"Қарап отырсам, соңғы айлықты 1992 жылы күзде алыппын. Содан кейін айлық алмаппын. Аллаға шүкір, қанағатшылдық қой. Ел құсап, коттеджбен ауырмаймын. Барына шүкір. Ешкімнен кем емеспін. Ерте тұрамын,ризықты Алладан күтемін. Жағдайым осындай. Жаратылысым осы", - деді ол.

Әнші мемлекеттік қызмет ұсынса бас тартпайтынын айтты.

"Халық болып, еңбегіңді бағалап жатса, бергеніне ризамын. Одан тебінетіндей ештеңе жоқ. Намыстанбаймын, шақырса барамын. Шақырмаса, өкпе жоқ", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы