"Бес жыл бойы қора тазалап, сиыр саудым". Жетім қызды қамқорлығына алған әйел несие рәсімдеп, құжаттарын тартып алған

Жетім өскен Айманды белгісіз біреулер пайдаланып, құжаттарын тартып алған. Асыраушысы мал бақтырып, жұмыс істетіп, ақшасын өзі алып отырған. Күйеуге ұзатқан кезде артынан 1 млн теңге қалың мал алып, заңды некеге тұруы үшін құжаттарын да бермеген. Бұл туралы кейіпкердің танысы Айжан Майданқызы "Көреміз" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айманның жасы 25-те, жетім, балалар үйінде өскен қыз. Қазір Айжан есімді әйелдің қолында тұрып жатыр. Олар қонақ үйде жұмыс істеп жүрген кезде танысқан.

Қонақ үйдің иесі Ернар Айдарханұлының айтуынша, олар жұмысқа келген кезде күйеуімен бірге келген.

"Тайыр Айманның күйеуі болып жүрген адамның досы. Үшеуі дүкенге барып, шарап, басқа да заттар алып, қонақүйде түнімен демалып, таңертең шығып кетті. Бір айдан соң Айжан мен күйеуі жұмыс жасағысы келетінін айтты. Айжан "құжаттарым сізде болсын, жоғалтып аламын" деді. 12 күн жұмыс істеді. Мен өз шаруаларыммен жүрген кезде Тайыр Айжанды алып кетпекші болған. Айжан апай маған хабарласып, тез келуімді өтінді. Мен келгенше "102"-ні шақырған екен. Келсем, ешқайсысы жоқ.  102-нің көлігімен Айманды кері алып келген кезде көзі ісіп кеткен, дірілдеп жылап отыр екен. Полиция қызметкерлеріне Айжан тәте Айманның өзінің үйінде болатынын айтты. Ал кейін құжаттарын Тайыр шу шығарып, алып кетті", - деді ол.

Тайыржан Курбанжанов балалар үйінде өскен, 2009 жылы басқа адамның қамқорлығына өткен. Кейін бұл адамнан қашып кетіп, басқа адамның қолына өткен. 

Жетім қыз Айман Ысқақова 23 жасымда тұрмысқа шығып, 1 айдан соң ажырасып кеткен. 

"Негізі асыраушым бар, есімі Сағат Байбекова. 1 мамырда одан қашып кеттім. Ол кісіден шаршап кеттім. Бес жыл жүрдім. Қора тазалап, сиыр саудым. Жылыжайда жұмыс істедім, ал ақшасын өзі алатын. Қатты қысым көрсетті. Келін болып түскен соң Сағат тәте қайта-қайта хабарласып, "аяғың ауыр ма, егер айт, дәрі берем" деді. Заңды некеге тұрайын дегенде асыраушым қарсы болды", - деді ол.

Айманның айтуынга, күйеуінің досы Тайыр оған қысым көрсеткен.

"Тайырды балалар үйінен бері танимын. Бізге қонаққа келетін. Ол менің телефонымды қорқытып тартып алды. Себебі асыраушымнан қашып кеткен соң "сені тауып алады, алып кетеді" дейтін. Қазір де қорқып отырмын", - деді ол.

Ал Айманның бұрынғы асыраушысы Сағат Байбекова оның атынан үй алуға қаржы жинап жүргенін айтты.

"Тұрмысқа шығамын деген соң қарсы болмадым. Құдалармен келісіп, той жасады. Жетім демесін деп, барлық заттарын бердім.Қызымды жүрегінен теппеймін. Ай сайын төленетін жәрдемақысына керек заттарын алып беремін. Қалғанын үй алуға банкке барып, салып қойдым. 1 млн 200 мың теңгесі жиналып тұр. Мен оны асыраушылыққа алған кезде 700 мың теңгесі болды", - деді ол. 

Бағдарламадан кейін Айман жеке куәлігін қайта қалпына келтірді. Содан кейін Алматы қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалған әлеуметтік орталыққа орналасты. Сондай-ақ, Айманның асыраушысы айтқандай, ұй жинауға ешқандай банкте ақша жиналмаған. Керісінше. Айманынң атынан асыраушысы 2 млн теңге несие алған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!