Романтика күтіңіз: Көріпкел кімдер Жаңа жыл қарсаңында махаббатын жолықтыратынын айтты

Романтика күтіңіз: Көріпкел кімдер Жаңа жыл қарсаңында махаббатын жолықтыратынын айтты
Фото: ru.freepik.com

Көріпкел Кажетта Ахметжанова Жаңа жыл қарсаңында махаббатын жолықтыратын бақытты жұлдызнама белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мarieclaire"-ге сілтеме жасап.

Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр)

Мерекелік кезең романтикалық өміріңізге маңызды өзгерістер әкеледі. Жаңа жыл қарсаңында өзіңіздің ең жақын қарым-қатынастарыңыздың ең күшті және әлсіз тұстары жайлы ойлана бастайсыз. Бұрынғы қарым-қатынасыңызға не жетпегенін жақсылап ойланыңыз және болашаққа түйін шығарыңыз. Себебі жеке өміріңіздің жаңа бастамасы жақын арада басталуы мүмкін. Сізді қалай бар солай сүюге және бақытты болуға лайықсыз, өз принциптеріңізді сатудың және біреу үшін өзгерудің қажеті жоқ. Сізде өзіңізге ұнайтын адамға сезіміңізді білдіруге батылдық пайда болады.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

Мереке күндерге арналған жұлдыз жорамал жеке өміріңізге өзгерістер болжайды. Венера Сарышаянда болғандықтан, серігіңізбен байланысыңыз берік бола түседі, ал егер жалғызбасты болсаңыз, сізде серігіңізді жолықтыруға мүмкіндік туады. Біреумен танысып, оған деген ерекше сезім пайда болса, оны Жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырыңыз. Өз сезімдеріңіз жайлы ашып айтқан абзал.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)

Барлық жалғызбасты Суқұйғыштар үшін бұл мерекелік кезең сиқырлы болмақ. Сарышаяндағы Венера сіздің белгіңізге қолайлы шарт жасап, өзіңіздің сезімтал жағыңызды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Өз шекараңызды анықтап алу маңызды. Жаңа жылды көңілді және адамы көп жерде қарсы алуға тырысыңыз.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы кімдер мансапта үлкен жетістікке жетеді?

А. Жапатова