"Баспана жасап алған". Алматыда кісі өлтірген күдіктілер өздері қазған жерге жасырынып жүрген

Алматыда кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады.

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан екі шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана мен тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргенін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!