Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық оқушылар қысқы демалысты 10 күн демалады. 

Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталып жатыр. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина