Ақтөбелік жігіт зейнеткерді алдап, атынан несиеге iPhone 13 сатып алған

Ақтөбелік жігіт зейнеткерді алдап, атынан несиеге iPhone 13 сатып алған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбелік жігіт зейнеткерді алдап, атынан несиеге ұялы телефон сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

30 жастағы ер адам 65 жастағы қарияның ұялы телефонын сұрап алған. Артынша оның атынан несиеге ұялы телефон сатып алған.  

Зейнеткер бірнеше күннен кейін оның атына 439 мың теңге тұратын iPhone 13 несиеге алынғанын байқаған. 

Жәбірленуші полицияға жүгінді. Полицейлер күдіктіні анықтап, бөлімшеге алып келген. Соталды тергеу жүріп жатыр.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина