"Халыққа неге ашуланып, жекіп сөйлейсіз?" Досаев ашуына қатысты сұраққа жауап берді

"Халыққа неге ашуланып, жекіп сөйлейсіз?" Досаев ашуына қатысты сұраққа жауап берді
Фото: ОКҚ

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев халықпен кездескенде неге эмоцияға берілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі Досаевқа "Сіз халықпен кездескен кездегі әрекетіңіз әлеуметтік желіде жиі сыналады. Сұрақ қоюға келген халыққа жекіп, ұрсып тастайтын кездеріңіз болады. Президент Тоқаевтың өзі халық алдында өктем сөйлемейді. Бұл мемлекеттік қызметшісі тән қасиет пе?" деп сұрақ қойды.

"Ондай сұрақ өткен жылдан бастап көтерілді. Алғашқы кездесулерде халықпен жиналғанда эмоциялар көп болған еді. Кездесу 5-6 сағат өтетін, кейін өз жағымнан халыққа (автор - айтқан жоқпын)... YouTube-те бәрі бар ғой, содан "ұрсып жатырмын ба, жоқ па" қарап шығыңыздар. Халықты сыйлап, сұрақтарына жауап бердім", - деді Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім журналистің "бұрынғы қателігіңізді мойындайсыз ба сонда?" деген сұрағына жауап берді.

"Біз де тірі адамбыз. Былай қарасақ, халықты және қала тұрғындарын сыйлаймын. Одан бөлек қалада жүремін, ресми кездесулерім бар. Бәріміз өзгереміз ғой... Сондықтан ескі ақпаратты айтып отырсыз. Кез келген адам қателеседі, оның ішінде мен де", - деді Алматы әкімі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz