"Ешкімді ренжітпейміз". Досаев неге сұхбат бермей жүргенін түсіндірді

"Ешкімді ренжітпейміз". Досаев неге сұхбат бермей жүргенін түсіндірді
Фото: ОКҚ

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келесі жылдан бастап журналистерге сұхбат беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі Алматы қаласының әкімі Досаевқа "Ерболат Асқарбекұлы, сізден сұхбат алу неге қиын? Неге бермейсіз" деп сұрақ қойды.

"Мен бірден айтайын жақын арада орын алған жағдайға байланысты менен сұхбат алғысы келеді. Шынымды айтсам, әкім болып жұмыс істегелі бері ешкімге сұхбат берген жоқпын. Себебі қазіргі жұмыс - халықпен, жуналистермен тілдесуім мені әрдайым назарда болуыма мүмкіндік береді. Онымен қоса, менің жоспарым бар. Келесі жылдан бастап Almaty TV 25 жылдығын тойлайды. Сол кезде тек қорытынды жасау үшін емес, жалпы сұхбат беремін. Кейін көре жатармыз", - деді қала әкімі ОКҚ-да.

Әкімнің сөзінше, әкімдіктің баспасөз қызметінде сұхбат алғысы келетіндердің тізімі бар.

Олардың қарасы көп. Ешкімге ренжітпей сөйлесе (автор - сұхбаттаса) аламыз деп ойлаймын, - деді Досаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz