"Өз жұмысым ұнайды". Досаев "премьер-министр болып тағайындалуына" қатысты пікір білдірді

"Өз жұмысым ұнайды". Досаев "премьер-министр болып тағайындалуына" қатысты пікір білдірді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "премьер-министр болып тағайындалуына" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Брифингте айтып өткенімдей Алматыны дамыту жоспары бар, мен қазіргі жұмысыма ғана баса назар аударамын. Маған өз жұмысым ұнайды. Ол өзінше бір шығармашылыққа толы, туған қаламды дамыту бойынша жұмысымды жалғастырғым келеді. Тағайындауға қатысты сұрақ сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де өз жұмысын істеп жатыр. Әркім өз деңгейінде. Ол дұрыс деп ойлаймын. Менің жұмысыма қызығушылық танытқандарыңызға рақмет. Бірақ әзірге кемінде алдағы екі жылда қаланы дамыту бойынша жұмыс істегім келеді", - дейді әкім ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина