Шаңғы теуіп, домбыра шерткен қыз жұртты таңғалдырды

Желіде шаңғы теуіп, домбыра шерткен қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде 17 сағат ішінде 26 мыңға жуық қаралым жинаған. Қыз "Алаш аманаты" күйін орындады. 

"Алғаш рет шаңғы теуіп, домбыра шертетін боламын. Менің ойымша, шаңғымен домбыра шертетін бірінші қазақстандықпын. Келе жатқан мейрам құтты болсын!" - дейді қыз видеода. 

@martebely_dombyra_shop Қауіпті бірақ ???сіздер үшін жасадым!??❤️ Алғашы болып домбырамен шаңғыны бастадым, челленджді жалғастыратындар барма?! Қолдау білдіріп, парақшама жазылып қойыңыз! Келесі видеоны қайда түсірейін? #шаңғы #көкту #шымбулак #чимбулак #домбыра #алашаманаты #шаңғытебу #шымбұлақ #чимбулак2023 #домбыраүйрену ♬ оригинальный звук - @martebely??dombyra

Желі қолданушылары қызға тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Сендер отырып шерте алмайсындар, ал тәтеміз шаңғымен теуіп, шертіп тұр. Жарайсыз", "Керемет ойнайды, шаңғымен жүріп домбыра шерту ешкімнің қолынан келе бермейді, жарайсыз, қаракөз қазақтың қыздары аман болсын", "О, керемет қызым. Алламның саған нұры мен шапағаты төгілсін", "Ботам, рақмет, дәстүріңді дәріптей бер, алға", - деп жазған олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!