Диетолог аш қарынға ұйықтау несімен қауіпті екенін түсіндірді

Диетолог аш қарынға ұйықтау несімен қауіпті екенін түсіндірді
Фото: elements.envato.com

Аш қарынға немесе тойып ұйықтау дұрыс емес, бұл адамды түрлі ауруға шалдықтыруы мүмкін. Диетолог, генетик Наталья Артемьева тамақтану және кешкі ас ішу арасы қанша уақыт болу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Подмосковье сегодня-ға" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тамақтанғаннан кейін алғашқы жарты сағатта қышқыл құрамы асқазаннан өңешке түспеуі және "жағымсыз сезімді" тудырмауы үшін мүлде жатпаған дұрыс. Негізі, кешкі асты ішкеннен 3 сағаттан кейін ғана ұйықтауға болады. 

Ал кешке ауыр жаттығулар жасап, қарыныңыз қатты ашса, тамақтануыңызға болады, бірақ ұйқыдан кем дегенде бір сағат бұрын. Себебі, аш қарынға ұйықтау қандағы қант деңгейін төмендетуі не жоғарылатуы мүмкін. 

"Глюкоза және қандағы қант деңгейі төмендеп, адам өзін нашар сезінеді, басы айналады, ауырады, түнде қайта-қайта оянып, ұйқысы қанбайды. Салдарынан мелатонин өндірісі бұзылады", - деді Наталья Артемьева.

Маман тамақты үнемі шамадан тыс жейтін адамдарға табағын кішкентай өлшемге ауыстыруға кеңес берді. Сонымен қатар, жұмыс істеп жүріп те тамақтанбаған абзал, өйткені бұл қанықтылық сезімінің уақытылы тууын тежейді. 

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар жалаңаш ұйықтаудың денсаулыққа пайдасы мен дене бітіміне әсері туралы айтқан еді. 

Мамандар киімсіз ұйықтау, дене температурасын бір қалыпта ұстайды, дене бітімі үшін пайдалы, денені жағымсыз иістен арылтады, шәует сапасын және жыныстық өмірді жақсартып, өзін бағалау деңгейін арттырады дейді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жаңа жылға қатысты қандай ырымдар бар?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә