Кешкі асты тым кеш ішу инсульт алу қаупін арттырады

Кешкі асты тым кеш ішу инсульт алу қаупін арттырады
Фото: Tengrinews.kz

Эндокринолог Зухра Павлова кеш тамақтануды инсульт қаупін едәуір арттыратын фактор деп атады. Бұл деректі ғалымдар да растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, кешкі асты сағат 21:00 кейін ішу жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Ал ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, асқазанның ас қорыту жұмысы қандағы қант деңгейі мен қан қысымын жоғарылады.

"Кешкі асты кеш ішу тамырларға кері әсер етіп, қанның ұю қаупін арттырады. Бұл инсульт пен инфарктке әкеп соқтырады. Әлем бойынша адам өлімінің ең көп кездесетін себебі, бұл - жүрек-қан тамыр аурулары, сондықтан кеш тамақтанудың салдары қайғылы болуы мүмкін", - дейді эндокринолог.

Бұл болжамды ғалымдар да растай алады. Олар 103 мыңнан астам адамға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кешкі 21:00-де және одан кейін кешкі ас ішуге дағдыланған адамдарда инсульт қаупі 20:00-ге дейін жегендерге қарағанда 28 пайызға жоғары екенін анықтаған. 

Айтпақшы, таңғы асты кешіктіріп ішу не мүлде ішпеу де зиян. Өйткені таңғы асты кешіктірген әр сағатта жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі алты пайызға артады. Сондықтан, таңғы және кешкі асты уақытылы ішкен абзал. 

Айта кетейік, бұған дейін инсульт алған адам қандай тағам жеу керегі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Оливье салатын кім ойлап тапқан?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә