Алматыда 12 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған: жаттықтырушының арнайы білімі жоқ екені анықталды

Алматыда 12 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған: жаттықтырушының арнайы білімі жоқ екені анықталды
Фото: Фотоскрин

Алматыдағы "Халық арена" спорт кешенінде 10 қарашада Мейрланды тренері аяғымен тепкен. Сол сәтте әкесі жаттықтырушыны кеудесінен итеріп, ұлына араша түскен. Ал тренердің өз ақиқаты бар. Бұл туралы оқиғаның мән-жайы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін 12 жастағы Мейірланды 3 ай бұрын ата-анасы секіргіштің жібіне ілініп тұрған жерінен құтқарып қалғаны және қалтасынан табылған хатқа "Өліміме Станислав ағай кінәлі" деп жазғаны туралы жарияланған болатын.

Оқиғаға кінәлі Станислав Пактың бокстан жаттықтыруға білімі жоқ болып шықты. Ал Мейірланды тебу себебін намысына келетін сөз айтқанымен байланыстырып отыр.

"Бұл арнайы жоспарланған. Ол маған тесіліп қарап тұрды. "Неге қарап тұрсың" деп әрі қарай кетпек болдым. Сол кезде ол маған жаман сөз айтты. Мен оны теппедім, аяғымды сермеп, "неге жаман сөз айтасың" дедім. Бұлай істегеніме өкінбеймін. Бокста қатыгездік бар. Онда қатал тәртіп болуы керек. Егер менің ұлымды біреу ұрса, мен оның жанын шығаратын едім. Әкесі қорқақ, баласын да солай тәрбиелеп жатыр. Дені дұрыс әке баласын қорғайтын еді", - деді ол.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы