"Маған бәсекелес бола алмайды". Танымал актер әріптесі Олжас Абаймен қарым-қатынасы туралы айтты

"Маған бәсекелес бола алмайды". Танымал актер әріптесі Олжас Абаймен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Фотоскрин

Актер Нышанбек Жубанаев "Talk like" бағдарламасында әріптесі Олжас Абай туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, Олжас Абай екеуі бір бөлмеде тұрған.

Ол маған конкурент бола алмайды, мен де оған конкурент бола алмаймын. Жақында бір режиссер "Олжас екеуіңді бір фильмге түсіру керек, жақсы тандем боласыңдар" деді. 1-2 режиссер сондай ұсыныс айтты. Олжас өте талантты жігіт. Бойына Құдай барлық талантты берген. Екеуміз бірге оқыдық, бір бөлмеде тұрдық, бір нанды бөлісіп жедік. Олжастың бөлек харизмасы, актрелігі бар. Бізді кейде салыстырып жатады. Мұғалім бір ғой. Жалпы өмірде екеуміз екі бөлек адамбыз. Екеуміздің де таңдауымыз басқа, сәйкес келмейді деп ойлаймын", - деді актер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы