Абай облысындағы тасжолда ауыр жүк көлігі аударылып кетті

Абай облысындағы тасжолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай тасжолының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.

Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке келген.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!