Қызылорда тұрғыны армияға бармау мәселесін шешіп беремін деп әйелді алдаған

Фото: видеодан алынған кадр

Қызылордада "армияға бармау мәселесін шешіп беремін" деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 желтоқсанда полицияға 52 жастағы облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам оған ұлының армиясын шешіп беремін деп, 300 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Бірақ ол уәдесін орындамай, алған ақшасын да қайтармаған.

"Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 34 жастағы, ешбір жерде жұмыста жоқ, Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова