Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: facebook.com/tenizkuaty

Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Облыс прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

​Талдау шеңберінде парниктік газ квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ, рұқсат етілген шығарынды нормаларынан асып кету және жердің ластанғаны анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен бұл компанияларды сот кінәлі деп таныды. Өндіріп алынған айыппұл мөлшері - 10,7 миллиард теңге. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек