Атақты "Асы жайлауы" мемлекеттік меншікке өтті

Алматы облысындағы "Асы жайлауы" мемлекеттік меншікке өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл Мәжіліс депутаты бақытжан Базарбек айтты. 

"Бүгін, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия мүшесі, ҚР Бас жер инспекторы Мұрат Теміржанов, Комитет инспекторлары Сағадат Дүйсенов Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Масақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, Буғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердін қайтарылғанын жария еттік.

Онымен қоса, "Іле-Алатау Тур" ЖШС-нен #03-044-184-002 кадастрлік нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы атақты "Асы жайлауы" деп аталатын жердін мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік", - дейді Бақытжан Базарбек. 

Оның сөзінше, Асы жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінін 2023 жылғы 1 маусымдағы №907 қаулысымен қабылданған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!