Түркістан облысында оқушылар информатика сабағында порнографиялық сайттарға кірген

Түркістан облысында оқушылар информатика сабағында порнографиялық сайттарға кірген
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында тыйым салынған сайттарға, оның ішінде, порнографиялық, букмекерлік ойындардың сайтына кіруге тыйым қойылмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Түркістан облысының Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудан аумағындағы мектептердегі интернет желілеріне қосылған компьютерлерге тексеру жүргізу барысында тыйым салынған сайттарға (порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б.) кіруге кедергі жасалмағанын анықтады.

Бұл кемшіліктердің салдарынан информатика пәні бойынша сабақтар кезінде оқушылардың интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кіргені анықталды.

Сарыағаш аудан прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар (4 мектеп директоры) тәртіптік жауапқа тартылды. 
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина